925

Олжалы оралды
Ақтау қаласында өткен параолимпиаданы біздің спортшы студенттер жақсы нәтижемен аяқтап, олжалы оралды.
Жағажай валейболынан тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысқан ФиС-22о оқу тобының студенті Алдаберген Бақдәулет және ФиС-21о оқу тобының студенті Әбдібек Ерасыл жүлделі III орын иеленді.